Бүгінде қала аумағында 4500-ге жуық көше бар. Қала бойынша орталық 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған.
Биыл аудан әкімдіктерінің ұсынысымен қажетті 1048 көшеге жарықшамдарын орнату жұмыстары жоспарланған. Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жарықтандыруға басымдық берілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Бүгінде Әл-Фараби және Тұран аудандары аумағындағы 60 көшеге бағаналар орнатылды.
Айта кетейік, 2021 жылы 107, 2022 жылы 105 ал, 2023 жылы 90 көше жарықтандырылған болатын. Қазір жарықтандыру жұмыстары ішкі орам көшелерде басталды.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты.
«Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.
Олар:
1. Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы);
2. Ақтас т/а орталық көшесі;
3. Народовольцев (112-шағын ауданы);
4. Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі;
5. Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы;
6. Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы);
7. Чехов көшесі;
8. Аққыстау (Қазығурт шағын ауданы);
9. Балапан Ата (4 шағын ауданы);
10. Спорт шағын ауданы Ішкі орам көшесі;
11. Аққыстау – Құрсай елдімекені.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 11 көшенің құрылысы аяқталатын болады. Олар:
1. Әбдрайымұлы (Самал-1 шағын ауданы);
2. Қойбағаров көшесі;
3. Металлист – орталық көше;
4. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы;
5. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы;
6. Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы;
7. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы;
8. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше;
9. Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені;
10. Таңатар — Құрсай елдімекені;
11. Қармақшы – Құрсай елдімекені.