• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР ТЕГІН WI-FI ЖЕЛІЛЕРІМЕН ҚАМТЫЛУДА

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Тегін Wi-Fi желілері саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер қаламызда Бәйдібек би алаңына, Әкімдік маңына, Аэропортқа, Дендросаябаққа, Нұрсат аллеясына, Назарбеков көшесіндегі гүлзарға орнатылды.
Цифрландырудың маңызды бөлігі мемлекеттік басқару болып табылады. Электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізу, әкімшілік процестерді цифрландыру және цифрлық мемлекеттік платформаларды құру азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жақсартады, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдетеді және басқарудағы ашықтық деңгейін арттырады.
Жоспар бойынша 2025 жылға қарай Шымшаһар жүз пайыз талшықты-оптикалық және мобильді интернет желісімен қамтылуы тиіс.
Ал әзірге қала тұрғындары үшін жақсы жаңалық: бес қоғамдық орынға қосымша 15 wi-fi құрылғылары орнатылып, жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылды. Талдау нәтижесі бойынша, мобильді байланыс операторларымен бірлесе отырып, интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 30 нүктеде базалық станция орнатылып, қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасына арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика