• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 8, 2023
Spread the love

2023 жылдың 07 маусым күні Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы АЛТЕЕВ Бауыржан Ілімшаұлы жүргізіп отырды.
Отырыста Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы НАРЫМБЕТОВ Бахадыр Мәдәліұлы, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы АЛТЕЕВ Бауыржан Ілімшаұлы жаңадан қабылданған қоғамдық кеңес мүшелеріне арнайы куәлікпен төсбелгі табыстады.
Ары қарай күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, талқыланды.
Шымкент қаласы бюджетінің 2022 жылғы кірістерінің орындалуы мен шығыстарының игерілуі туралы Шымкент қаласы қаржы басқармасының басшысы БАҚТЫБАЕВ Руслан Бақытбекұлы, «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтарының және Сауда-логистикалық орталығының жұмыстары туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары ТҰРМАНОВ Ермек Полатұлы, Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқарасының басшысы ЖОЛДАСОВ Ержан Жақсылықұлының баяндамалары тыңдалды.
Жиын соңында Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жанынан құрылған Азаматтық қоғам институттарымен байланыс, әлеуметтік саланың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып қоғамдық кеңес мүшесі АМИРТАЕВ Азат Ермекбайұлы сайланды. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қоғамдық кеңестің отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырыл ды.
Отырыста кеңес мүшелері өз тараптарынан тиісті ұсыныстарды енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындықтарын жеткізді.

 

 

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика