Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Арбатта «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға Шымкент қалалық Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің мүшесі Д.Байсерикова тұрғындарға медиациялық тұрғыдағы қоғамдық қабылдаулар өткізді.
Акцияның басты мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Шараға өңіріміздегі жергілікті атқарушы органдардан, орталық атқарушы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінен және жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған кеңесші мамандар қатысып, өңір тұрғындарына туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер берді.
Елімізде құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңыз жоғары екенін айттық. Демек жеке тұлғалардың құқықтық мәдениеті мен құқықтың санасын қалыптастырудың маңызды зор. Төменде халыққа тегін құқытық кеңес беру науқаны жайлы ақпаратты жариялап отырмыз. Онда Қызылорда облысындағы тұрғындардың құқықтың мәдениетін өсіру мақсатында жасалған жұмыстар жайлы айтылған. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.
Акцияға келген қала тұрғындарының көпшілігі денсаулық, әлеуметтік және жер саласы мамандарының көмегіне жүгініп, өз мәселелерінің шешілу жолдары бойынша кеңес алды.
Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Азаматтардың заңдық құқығын қорғау заң органарының маңызды жұмыстарының бірі саналды.