• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 4, 2023
Spread the love
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті бірыңғай қабылдауы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді. Жиналған көпшілік көбінесе тұрғын үй кезегі, жер және жол мәселесі, жұмыссыздыққа қатысты толғандырған сұрақтарын ортаға салды.
Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді.
Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына жауапты сала бойынша басқармалардың мамандары бетпе-бет жүздесіп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі Шымкент қаласындағы әрбір шағын аудан мен тұрғын алаптың өз емханасы болуы тиіс екенін айтты. Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтуға және медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол.
– Адамдар қан талдамасын тапсыру үшін қаланың орталығына барады. Ал, МРТ аппаратына түсу үшін қаланың басқа шетіндегі клиникаға барып, әуре-сарсаңға түседі. Сондықтан біз әрбір тұрғын алап пен шағын ауданның өзінде емхана болуы тиіс деп есептейміз. Сол мақсатта жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биыл жеке инвесторлардың есебінен 6 емхана салынады, – деді М.Әйтенов. Оның айтуынша, 2021 жылға дейін Шымкенттегі әрбір емханада орта есеппен 61 мың адам тіркелген. Бұл дәрігерлердің жүктемесінің шамадан тыс көп болуына, емханада ұзын-сонар кезектің қалыптасуы мен қызмет көрсету сапасының да нашарлауына әкеп соқтырған. Мұрат Дүйсенбекұлы жеке инвесторларды тартып, емханаларды көптеп ашу арқылы 2027 жылға дейін әрбір емханада орта есеппен 21 мың тұрғын тіркелетінін жеткізді.
– Қазір қала тұрғындарының кез келген емханаға тіркелуге құқығы бар. Егер біреуіндегі қызмет көрсету сапасы, дәрігерлердің біліктілігі көңіліңізден шықпаса, өзге емханаға ауысып кете аласыз. Болашақта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс істейтін емханалар көбейе түскен кезде олар әрбір пациент үшін күреседі. Себебі, бір пациент тіркеуден шығып кетсе, онымен бірге қаншама қаржы да кетеді. Бәсекелестіктің артуы сапаның жақсаруына әсер ететіні халықаралық тәжірибеде дәлелденген, – деді қала әкімі. Есеп беру кездесуінің соңында қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика