• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛУ ҮШІН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Сен 16, 2022
Spread the love

Шымкентте 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант берудің, үшінші легінің комиссия отырысы басталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер 12-23 қыркүйек аралығында арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап шығуы тиіс. Алғашқы күні комиссия отырысына келгендер — 134 азамат. Олар кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша бизнес-жобаларын таныстырды.
Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 тг. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
-Порталда тіркелу;
-грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
-порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
-өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
-тіркелген жұмыссыздар;
-29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
-еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
-қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
-өңіраралық қоныс аударушылар
-атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
-мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
-асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика