• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 12, 2024
Spread the love

Бүгінде Шымкент қалалық Цифрлық басқармасы тарапынан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 31 елдімекен талшықты оптика желісімен толық қамтылып, 210000 тұрғын интернетке қол жеткізді.
Қазіргі таңда «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы тарапынан Жұлдыз, Жалын елді мекендеріне кең жолақты интернет желісі тартылып, 500 тұрғын үй қамтылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Ендігі кезекте компания тарапынан Игілік, Жаңаталап елдімекендеріне жыл соңына дейін талшықты оптика желісін тарту жоспарлануда.
Еске сала кететін, Шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы интернет сапасын маниторингтеу нәтижесінде 50 аумақта интернет сапасының төмендігі анықталды.
Интернет сапасы төмен аумақтарда тест-драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумақта мачталық құрылғы орнатылып оның 13 не базалық станция орнатылды. Ал, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Қызметтер мен функцияларды автоматтандыруда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы 13 323 301 қызмет ұсынылған. Ағымдағы жылы басқарма тарапынан 1 қызмет автоматтандырылды.
Қала тұрғындары үшін «2Гис» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс номерлері және орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім орналастырылды. Олар: емханалар, учаскелік полиция пункттері, өрт қауіпсіздігі саласы, коммуналдық қызметтер саласы. Және қоғамдық орындарды тегін wifi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 53 wifi құрылғылары орнатылды.
Ал, Шымкент қаласының ситуациялық орталығына 2024 жылдан бастап 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелген. Тұрғындар көбінесе жарықтың жиі сөнуі, қоғамдық көлік, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, ветеринариялық қызмет мәселелері бойынша жүгінеді. Тұрғындар өтініші бойынша сапалы және сапасыз жауап беретін мекемелер сараланды.
Бұл сала бойынша 1 маусымда жаңа Телеграмм бот іске қосылады. Тұрғындар өтініштерін қалдыра алады. Толық ақпарат әлеуметтік желіге жарияланады. Сондай-ақ, арыз шағымдарды қалдыра алудың тағы бір тәсілі мобильді қосымша іске қосылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика