«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Шымкент трансагенство» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кәсіподақ құрамындағы «Шымкент трансагенство» ЖШС – халықаралық жүк тасымалдаумен айналысады. Бүгінде серіктестіктің құрамында 35 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100 % кәсіподақ мүшесі.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер берілді.
Басқосуда Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Кездесу барысында Али Агитұлы кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, кәсіподақтар жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.
Соңғы жылдары аралығында өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%-ға, 1 683-тен 1 500 адамға дейін азайды. Оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2%-ға төмендеді. Статистика жөніндегі уәкілетті органдардың дерегі бойынша, 2020 жылы зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының 367 мыңы немесе әрбір төртіншісі зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 370 мың адамды құраған.