• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ШЫМКЕНТ СИТИ» ЖШС БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 19, 2023
Spread the love

Шырайлы Шымкентте бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу қарқынды жүргізілуде. Осындай жарқын кездесулердің бірі — Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының құрамындағы «Шымкент сити» ЖШС-гі ұжымында өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов қатысты. Жиында ұжымның еңбек жағдайларымен танысып, қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде түрлі мағлұматтар берілді.
«Шымкент сити» ЖШС-гі – шаһарда жеңіл көлікте қала тұрғындарын тасымалдау қызметімен айналысып келеді. Бүгінде мекемеде 30 адам жұмыс жасайды. Қызметкерлердің барлығы 100 % бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері. Серіктестікте жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапты маман — Мұхит Пірназаров өз тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, кездесуде қоғамдық көлікте тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттанудың алдын-алу шаралары жөнінде де сөз болды.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика