• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕБІМ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Май 25, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №73 жалпы орта мектебінде соңғы қоңырау іс-шарасы болып өтті. «Мектебім саған мың алғыс» атты тақырыппен ұйымдастырылған жиынға Шымкент Қаласының Білім Басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Мерекелік іс-шараға құрметті қонақ болып қатысқан Шымкент Қаласының Білім Басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы түлектерді құттықтап, сәтті сапар тіледі.
Іс-шара барысында биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, сондай-ақ, халықаралық конференцияларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар берілді.
Жиында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдады. Ал, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады.
Шымкент қаласы бойынша 11 сыныпты 13 286 оқушы және 9 сыныпты 21 777 оқушы бітіреді. 9-сынып пен 11 сынып бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бюджеттен 31 млн. 235 мың 674 теңге қаржы қаралып, бүгінде тапсырыс берілді.
Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде 259 147 оқушы білім алса, мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік 122 мектепте 52 970 оқушы білім алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде 2000 орындық – 8 мектеп, 1500 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп бар.
Еске салып кететін, наурыз айында Шымкент қаласының әкімі жиһаз жасаушылармен, жалпы, «Жайлы мектеп» жобасына қатысушылармен кездескені белгілі. Сонда ұлттық жобаға жергілікті кәсіпкерлерді, жиһаз компанияларын жұмылдыру бойынша тапсырма берілді. Ең басты талап – жиһаз жасаушылардың СT-KZ немесе индустриалды сертификаты болуы керек. Бүгінгі таңда 12 мектепті салатын бас мердігерлермен 5 жиһаз компаниясы келісімшартқа тұрған. Тағы бір бас мердігердің өз жиһаз цехы бар. Біздің мақсатымыз – қалған компанияларды да осы жоба аясында жұмылдыру.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика