• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: 12 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ «ЕРКІН ТАҢДАУ» ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 25, 2022
Spread the love

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры С. Құралбек қаладағы емханаға тіркелу науқанының аяқталғаны және оның нәтиежесі туралы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг берді.
Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 15 – қыркүйегінен бастап 15 — қарашаға дейін Республикамызда жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны өткізілді, оның аясында әрбір Қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдаланды. Қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 170 048 (1 120 324) тұлға 59 (44) емханаға тіркелген. Есепті кезеңнің басына бекітілген халық саны 169 185 (195 167) тұлғалар, «Еркін таңдау» себебінен 12 064 (2 806), «көшу» себебі бойынша 1 716 (466), «эл.E-gov қызметтері» себебінен 46 367 (38 329), «Аймақтық учаскінің жабылу» себебі бойынша 13 796 (56 005), «Ішкі қайта бекіту» себебінен 53 881 (84 627), «тіркеу науқаны» себебінен 41361 (12 934).
«Шымкент қаласы бойынша 4 570 (4442) шетелдіктер мен 412 (394) қандасымыз емханаларда тіркеуде бар, оның ішінде 2023 жылға тіреку науқаны барысында 128 (37) шетелдіктер мен 18 (1) қандасымыз емханаларға тіркелген. Жалпы практика дәрігеріне, учаскелік терапевтке бекітілген тұрғындар саны 1700 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспауы кажет»-деді – ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалынын директоры Құралбек Сәбит
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, тіркеу науқанына халықтын түсініп, жауапкершілікпен қарайтыны көрінуде, атап айтқанда «Еркін таңдау» себебінен 2 806-нан 12 064-ке өскен, «эл.E-gov қызметтері» себебінен 38 329-дан 46 367-ге, «тіркеу науқаны» себебінен 12 934-ен 41 361-ге өскеніне байқауға болады.
Сонымен қатар, 1 170 048 тұлғаның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (Әрі қарай – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, әкімшілік-аумақтықты сақтап, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 15 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс. Оның ішінде, 26 930 тұлға үйде қызмет көрсетуінсіз тіркелген.
Сол сияқты, азаматтағы жоқ және басқаларға жататын 596 (180) тұлға алғаш рет емханаларға тіркелген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика