• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шерлок Холмс сияқты: шымкенттік үздік тергеуші қызметі туралы айтып берді

Автор:admin

Июн 18, 2024
Spread the love

Шымкенттік үздік тергеуші Азат Маханов қызметі жайлы айтып берді. Тәртіп сақшысы әңгімесін бала кезіндегі арманынан бастады.
– Бала кезімізде кейбіреуі үшін полиция қызметіндегі ең қызық сәт – қылмыскерді іздеу, ұстау және атыс болса, мен үшін полиция қызметінің романтикасы – айғақтарды жинап, заң бұзушының әрекетін талдау болатын. Ойлап қарасам, сол кезде-ақ болашақ мамандығымды білгендеймін, – деп еске алды Азат Маханов.
Полиция капитаны ауыр санаттағы қылмыстық істерді тергейді. Тонау және кісі өлтіруден басқа, бұл санатқа миллиондаған шығын келтірген алаяқтық пен ұрлық қылмысы да кіреді.
Айта кететін, алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады.
Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр.
Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.
Интернет алаяқтар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы үптеп кетуге тырысады. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен. Қазіргі кезде инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық жиілеген. Азаматтар жинаған ақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғып жатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметке ақша жіберіп, алданып жатады.
-Жақында жеке нотариустың өкілеттігін теріс пайдалану жайты бойынша тергеу жүргіздім. Ол сыбайластарымен бірге жалған келісімшарттар жасаған, салдарынан 6 тұрғын жылжымайтын мүлкінен айырылды. Қылмыстық іс әрқайсысы 180 беттен құрайтын 28 томнан тұрды. Әрине, бұл аса мұқияттылықты талап ететін жұмыс. Ондаған куәгер мен іс қатысушыларынан жауап алынды. Тергеуге қажетті ақпаратты алу үшін кейде бізге психолог та болу керек, – дейді офицер. — Нәтижесінде жәбірленушілерге пәтерлері мен үйлері қайтарылды. Ал қаскүнемдер кінәлі деп танылып, сотталды.
“Істі қарау барысында ұсақ-түйектен маңызды ештеңе жоқ. Кез келген ұсақ-түйектен сіз логикалық ойлау тізбегін шығара аласыз” — Азаттың сүйікті дәйексөзі. Тергеуші әрбір ұсақ-түйекке мұқият қарайды. Төзімділік, табандылық, ізденімпаздық және аналитикалық ойлау, бейтараптық оның қасиеттерін сипаттайды. Сондықтан әріптестері оны Шерлок Холмс деп атап кеткен.
Айта кетейік, Маханов қызметтегі жоғары жетістіктері үшін мегаполистің үздік тергеушісі деп танылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика