• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЕКАРА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 12, 2024
Spread the love

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы аумағында шекара маңы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде мәжіліс болып өтті. Мәжіліске ауданның прокуроры М.Мошкалов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Сарыағаш аудандық басқармасының бастығы, полковник А.Болатов, Әскери прокурор, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары, әкім аппаратының басшысы және шекара маңында орналасқан қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Сарыағаш аудандық басқармасының бастығы, полковник А.Болатов баяндап, шекара маңында қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныстар енгізді. Ұсыныстар талқыланып, жауаптыларға тиісті жұмыстарды жүргізу үшін тапсырмалар хаттамаға енгізілді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика