• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шаңырақты шайқалтпайтын – сыйластық

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Апта басында әлі де өзектілігі жойылмаған «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның кеселі» атты тақырып төңірегінде 8 сағаттық семинар-тренинг өтті. Бұл шараны «Шымкенті қаласының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шәмшат Нығметқызы ұйымдастырды. Семинар тренингті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова жүргізді.Қоғамды тану – сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарды танудан басталмақ. Ал, адамды тану үшін ол өмір сүрген отбасы, ошақ қасы оған қандай тәрбие берді, деген дүниелерге баса назар аударамыз. Яғни, ізгі жан – өнегелі, ізгі отбасының жемісі. Рухани-өнегелік, тәрбие негізі жанұяда туындап, одан әрі қарай дамиды. Осы айтылған дүниенің бәрі соңында ата-анаға келіп тіреледі. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» не болмаса «Бала қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» – деп, тұрмыстағы тәрбиеге ерекше ден қойған. Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Дегенмен, бүгінгі таңда үйдегі жылылықты ұстап тұру кейбір отбасының қолынан келе бермейді. Оның басты себептері: түсініспеушілік, маскүнемдік, қызғаныш және материалдық жағдайларының нашар болуынан деп түсіндірді А.Аяғанова.
Аталмыш шараға осы салада, яғни, тұр­мыстағы қиыншылықтарға төтеп беру не болмаса оның алдын алу мақ­са­тында түсіндірме жұмыстарын жасайтын нәзік жандылар қатысты. Онда түрлі психологиялық әдістермен адам бойындағы күйзелістерден арылту жолдары көрсетілді. «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық – отбасы мүше­леріне, оның ішінде бала санасына кері әсер ететін ауыр жағдайлардың бірі. Аяусыз ұрып-соғуды көріп өскен бала келешекте сол әрекетті қайталайтын болады. Біз – қатыгез, тасбауыр ұрпақты өзіміз осылай тәрбиелеп отырмыз» – деді, психолог маман.
Таңғы сағат 10-да басталып, 8 сағатқа ұласқан тренингтің соңы лекция тыңдаған 15 қыз-келіншекке «Нұр Отан» партиясы Шиелі ау­дан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет пен Ш.Оразымбеттің сертификат табыстауымен аяқталды. Алайда, өзекті тақырыптың таусылмас тұстары көп екен. Тыңдайтын құлақ болса зердеңе тоқып, көңілге түйетін мысалдар мен келісті дүниелер айтылды. Көптеген келеңсіздік ер мен әйел арасындағы жарастық, бір-біріне көңіл бөлу жетіспегендіктен орын алатындығын аңғардық. Сондықтан, шаңырақтың сәнін кіргізетін сыйластықтарыңызды арттырыңыздар, ағайын!

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика