Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №134 мектепте Шаңырақ шағын ауданы мен Тұрдыабад тұрғын алабының тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, Еңбекші ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Нишанбаев, Шаңырақ мешітінің бас имамы М.Алиев, №35 учаскелік полиция пунткінің жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері Ж.Косалиев, М.Сапарбекұлы және белсенді ауыл билері, қоғамдық медиаторлар, белсенді азаматтар қатысты.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастар арасындағы тәрбие, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру т.б. мәселелер айтылып, аумақ тұрғындары өз пікір, ойларын айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстарды жүргізетін болып келісілді.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу, этносаралық қатынастар саласында мемлекет пен қоғамның азаматтық институттары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Келісім, толеранттылық атмосферасын қалыптастырудағы дәстүрлердің, мәдениет пен білім саласының ықпалы, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы және қоғамдық бірлікті нығайтудағы қызметі талқыланды.
Рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, толеранттылықтың жоғары мәдениетін, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынасты, патриотизмді, сондай-ақ балалардың тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және интеллектуалдық дайындығын тәрбиелеудің, әлеуметтік өзара іс-қимыл және оң этносаралық коммуникациялардың өзекті мәселелері көтерілді.