• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

Шахмат — зияткерлік тартыс алаңы!

Автор:admin

Апр 18, 2025
Spread the love

16 сәуір күні Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше іс-шара өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен, Чернобыль және Семей полигоны ардагерлерінің бірлестігі ұйымдастырған шахмат жарысы жоғары деңгейде өтті.

Бұл жарысқа қаламыздың қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Шараның басты мақсаты – ардагерлеріміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Зияткерлік додада ардагерлер өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді.
Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жарыс соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті.

Осындай тағылымы мол, рухты көтеретін шаралар көп болғай! Ардагерлерімізге алғысымыз шексіз!

#Шымкент #Ардагерлер #ШахматЖарысы #ҰлыЖеңіс80жыл #ЧернобыльАрдагерлері #СемейСынағы #ОрталықСаябақ #ҚарияларҚазына

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика