• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШАРДАРА: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Ағымдағы жылдың 30 мамырынан бастап, аудан, қалалар мен елді мекендерде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру.
Аталмыш, акция Шардара ауданында да қарқынды басталып, бүгін бірқатар тұрғындар заңдық кеңестер алды.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілуде. Оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып, өткізеді.
Бұдан бөлек, акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар үлес қосады.
Бұл әдіс азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және берілген жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика