Шардара ауданында оқыс оқиғалардың алдын алу, жаз маусымында судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау, рұқсат етілмеген орындарға шомылуға тиым салу мақсатында «»Жастар ресурстық орталығы» мен Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, өзен, көлдер мен тоғандарда рейд жұмыстарын жүргізіп, суда шомылу ережесі мен қауіпсіздік шарасын қатаң сақтау керектігі туралы жадынамалар тарқатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз!
Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет.
Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
1. Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.
2. Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
3. Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
4. Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз.
5. Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
6. Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Суға түсу маусымында тек қана шомылуға рұқсат етілген қауіпсіз су айдындарына барыңыздар!
Суға шомылу қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар!