• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШАРДАРА: ЖАҒАЖАЙ ТУРИЗМІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

Автор:admin

Май 10, 2024
Spread the love

Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан прокурорының орынбасары Ж.Азимханов, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы С.Оразымбетов, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Сартбаев, «Қазсушар» мекемесінің өкілі Е.Иса,Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Д.Сартбаев және кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өтті.
Жиында шомылу маусымында кәсіпкерлердің келуші туристерге дұрыс жағдай жасау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жағажайларға әжетханалар салу,туристердің қауіпсіздігі сақтау, санитарлық нормаларды сақтау және басқа да заңдылықтар бойынша сөз қозғалып, пікірлер алмасылды.
Б.Шомпиев туризмді дамытудың ең басты шарты келушілерге қолайлы,таза,қауіпсіз орта қалыптастыру екендігі атап өтіп,кәсіпкерлерге осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу керектігін жеткізді.
(с)Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика