Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күні» қарсаңында, ішкі істер органдарының зейнеткері, Ауған соғысының ардагері Сапарғали Мырзахметовті құттықтады.
ІІО-дағы запастағы полиция майоры С.Мырзахметов, қызметін 1996 жылы Шардара ауданында «Күзет» бөлімшесінің милиционері лауазымынан бастаған. Содан кейін көптеген жылдар бойы полиция бөлімінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, қызметтік міндеттерін абыроймен орындады.
Ал 2012 жылы Шардара аудандық полиция бөлімі әкімшілік полициясының аға инспекторы қызметінен құрметті демалысқа шықты. 35 жылдан астам уақыт жұбайы Гүлназбен бақытты некеде тұрып, 1 ұл мен 4 қыз тәрбиеледі.
Полиция әулетін оның ұлы Досан да жалғастырды, ол ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, бүгінде Шардара АПБ кезекші бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етеді.
Келе жатқан мерекелер қарсаңында тәртіп сақшылары зейнеткерге зор денсаулық пен амандық тіледі. Өз кезегінде ІІО зейнеткері С. Мырзахметов құттықтап келген полицейлерге алғысын білдіріп, қиын да қауіпті қызметте барлығына сәттілік тіледі.