• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шардара ауданында жасалған қылмыс 43,9%-ға төмендеген

Автор:admin

Апр 28, 2023
Spread the love

Шардара аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы Полиция Департаментінің Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітханның төрағалығымен 2023 жылдың І-тоқсанында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары талқыланды. Кеңес барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шералы Әділханұлы сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Осы ретте айта өтсек, аудан бойынша тіркелген қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 43,9%-ға төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс саны 54%-ға болса, бөтеннің мүлкін ұрлау мен оның ішінде мал ұрлығы 40%-ға азайған.
Бұдан басқа аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азайту, жүргізушілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың ережелерді сақтауын қадағалау мақсатында, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады.
Шардаралық полицейлердің 3 айда атқарылған жұмысын тыңдап, қорытындылаған полиция полковнигі С.Сейітхан жеке құрамға, қылмыс пен құқық бұзушылыққа тосқауыл қоюда үнемі алдыңғы шепте қызмет етуге шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы күн тәртібінен түспеуін тапсырды.Сонымен қатар полицияға деген азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал ету шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырды. Жиын соңында жеке құрамға «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» бейнероликтер көрсетілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика