• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАСІРЕТІ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Апр 26, 2024
Spread the love

Осыдан 38 жыл бұрын 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасы жарылып, дүйім жұртқа қауіп төндірген болатын. Апаттың зардабын жою жолында жалпы жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды.
Қоршаған ортаға, тұрғындар мен құтқарушылардың денсаулығына орасан зиян тигізген апаттың зардабын жоюға Сайрам ауданынан 114 адам қатысқан болса, қазіргі таңда 31 адам қалған.
Осынау аталған күнге байланысты Ақсукент ауылдық округінде Чернобыль апаты құрбандарын еске алуға арналған жиын өтті.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Чернобыль апатының ардагерлері» ҚБ төрағасы Ахмет Усманов және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері мен аудан ардагерлері қатысты.
Алғаш сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жиналған жұртшылыққа аудан басшысы Арман Сәбитовтің құттықтауын жеткізіп, атаулы күнмен құттықтады:
— Тарихта қаралы күн болып қалған осы оқиғаның салдары көптеген адамның тағдырын өзгертіп, ұмытылмастай із қалдырды. Елімізде болып жатқан су тасқынына байланысты бұл күнді осылай гүл шоқтарын қою, өмірден өткендерге құран бағыштау арқылы ұйымдастыруды ұйғардық. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! — деп лебізін жеткізді Мадияр Бақтыбайұлы.
Аталмыш басқосуда қатысушылар қасірет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, «Орталық саябақта» орналасқан «Семей және Чернобыль қасіреті құрбандарына арналған» ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика