• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ХОЛЕРА

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love

Холера – аса қауіпті инфекцияларға жататын өткір инфекциялық ауру. Жазылуы қиын, эпидемиялық және пандемиалық тез таралуы мүмкін болғандықтан, сондай-ақ «Халықаралық медициналық-санитарлық тәртіпке» сәйкес холера аса қауіпті инфекцияға жатады. Үтірге ұқсас болып майысқан холералық вибрион холераның таяқшасы болып табылады. Вибриондардың шыбыртқысы бар, сол арқылы тез жылжиды. Жеміс-жидектердің, қарбыздың сыртында вибриондар 5 тәулікке дейін өмір сүре алады.

Өзге ішек инфекциялары сияқты, холераға да көктем-күз маусымдары тән. Вибрион 30-40 градуста тез көбейеді. Ал қайнатқанда, 50 градус ыстықта вибрион 30 минутқа дейін қырылып қалады. Оның микробтары күн сәулесіне де төзімсіз, күннің астында 1 сағатта қырылады.

Холера жұқтыру механизмі- нәжістік және оральдік. Холера қалай жұғады? Жұғу жолдары: су арқылы, алиментарлық, тұрмыстық-байланыстық. Холераның эпидемиялық және пандемиялық тез таралуында судың ролі шешуші.

Холераның классикалық көрінісі – тәулігіне 10 немесе одан да көп рет іш өтеді. Сұйықты жоғалту деңгейі өте жоғары – тәулігіне 20 литрдей, оның әрбір миллилитрінде миллиардқа жуық вибрион болады.Оған қоса сұйықты құсу аурудың халін нашарлата түседі. Сұйықпен бірге микроэлементтерді жоғалту бұлшық еттерді құрыстырады, әсіресе аяқтың бұлшық еттері құрысады. Беті қатаяды,ерні мен құлағы көгереді. Ондайда адамның терісі мұздайды. Холера адамның дене қызуын төмендететін инфекциялардың қатарына жатады. Тері өзінің серпімділігін жоғалтады, тез жиырылып, орны ұзақ жазылады, ал қолдың терісін әжім басады. Тыныс тарылып, әлсірейді, нәжісі сұйықтанады – «күріш қайнатпасына» ұқсайды.

Қазіргі заманғы емдерді қабылдамаған жағдайда аурулардың жартысы алғашқы күндері-ақ  көз жұмады.

Холерамен ауырғандар мен оған сезікті жандар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Холерамен ауырғандармен қарым-қатынас жасаған жандар 3 рет бактериялық тексерумен зерттеледі, 5 күн бақылауда ұсталады. Ағымдағы және қорытынды дезинфекция жасалады.

Аурудың таралуын тоқтату іс-шараларының ең маңыздысы адамды оқшаулау және қоздырғыш таралған болуы мүмкін жерлерді дезинфекциялау. Холера таралған аймаққа барғанда жасалатын негізгі профилактика – тамақ ішу алдында және әжетханадан кейін қолды жуу керек. Тек қана қайнаған су ішу, жеміс-жидекті ағын суға жуғаннан кейін міндетті түрде қайнаған сумен шаю, азық-түлікті кездейсоқ адамдардың қолынан алмау, рұқсат берілмеген жерге шомылмау қажет.

Б.Елемесов,

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика