• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Халықтың алғысы – еңбектің шынайы бағасы

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love

«Адамзатты табиғат емдейді, дәрігер – табиғаттың кө­­мек­­шісі ғана» деп тұжырым жасаған медицинаның ата­­сы Гиппократ – ежелгі грек дәрігері. Ұзақ ғұмырын бүкіл медицина саласына арнаған дәрігер денсаулық сақ­­­­­шы­ларына «Гиппократ анты» деп аталатын дәрі­­герлік моральдық-этикалық ант мәтінін жазған. Қазір бар­­лық ақ халатты абзал жандар қызметіне кіріспес бұ­­рын ант беріп, қиын да жауапкершілігі зор жұмысқа кіріседі.

Осындай әлемдегі ең ізгі мамандық иесі атану екінің бі­рінің қолынан келе бермейтіні анық. Аса ыждағаттылық пен төзімділікті қажет ететін маман иесі күрделі мамандықты меңгеру үшін ұзақ оқып, білім алады. Жас маман ретінде тә­жірибе жинап, уақытпен санас­пай адал еңбектің арқа­сында нағыз дәрігер атанады.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ауданда ана мен бала өміріне жауапты әрі жаңа өмірдің аман-есен дүниеге келуіне себепші болып жүрген алтын қолды дә­рігер, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, Перзентхана бөлімінде бөлім меңгерушісі — Кадырбекова Айнур Сапаровқызы туралы жазуды жөн көрдік.

Адамның бір ба­қы­ты – өз маман­дығынан рухани ләззат алып қана қой­май, өлшеусіз ал­ғысқа бөленіп, сауап арқалау. Сон­­дықтан Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, Перзентхана бөлімінде бөлім меңгерушісі — Айнур Сапаровқызы дә­рігерлікті таң­да­­ғанына бір күн де өкінген емес.

Мына жарық әлемде ананың омырауын жібітіп, алпыс екі тамырын идірген сәбидің қылығына жетер қандай қуаныш бар екен?! Өмірге дені сау, он екі мүшесі бүтін бала әкелу – әрбір ананың арманы. Ал құрсақтан шырылдап шыққан шақалақтың кіндігін кесіп, алдымен қолға алатын акушер дәрігерлердің еңбегі тіптен ерен. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Айнур Сапаровқызның үнемі аналардың өмірге сәби әкелу сәтінде шарапаты тиіп, жаңа туған баланың күнәсіз, таза тәнінен берілетін ғажайып қуатынан әсер алғандықтан да болар, ылғи маңдайы жарқырап, жүзі жадырап жүреді.

Дәрігер болуды мен бала кезімнен армандадым.  Бала күнімнен дәрігер болуды армандадым. Балалармен ойнап жүргенде біреуі құлап қалып бір жерін жаралап алса,  соған бірінші болып көмектесуге асығатынмын. Мектеп бітірген соң бала арманымды жүзеге асырып, өз мақсатыма жету үшін 1996 жылы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясына оқуға түстім. Бітірген соң Ордабасы ауданы Жеңіс ауылынан алғашқы еңбек жолымды бастадым.

Өз  ісінің  шебері, үздік маман Кадырбекова Айнур Сапаровна 1996 жылы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, 2004 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Жеңіс дәрігерлік амбулаториясынан еңбек жолын акушер – гинеколог дәрігер болып бастады. 2005 жылы Қараспан дәрігерлік амбулаториясында,  2006 жылдан бастап Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, Перзентхана бөлімінде акушер – гинеколог болып жұмыс атқарып бастадым.  2015 – 2023 ж аралығында Шымкент қалалық перзентханасында акушер – гинеколог болып жұмыс атқардым. 2023 жылдың наурыз айынан бастап, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, Перзентхана бөлімінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін.

Жалпы,  медицина саласында жүргеніме 20 жылға жуық уақыт болды. Жұмыс барысында қиыншылығы мен қызықшылығы қатар жүретін, ана мен баланың да жағдайын аман алып қалу үшін түрлі ситуацияларда шешім қабылдап, акушерлік – гинекологиялық операцияларды меңгеріп, ана мен баланың перзентхана бөлімінен 12 мүшесі сау болып шығуына септігімді тигізу менің ең негізгі міндеттерімнің бірі. Перзентхана бөлімінде жұмыс атқаратын маманның жауапкершілікті өте жоғары деңгейде қажет ететін мамандықтардың бірі.

Еңбек жолымда түрлі шұғыл жағдайлар болды. 9 ай бойы жүрегінің астында баласын аман-есен өмірге әкелуді тілеп жүрген жүкті әйелдерге көмек көрсетіп, толғақ кезінде психологиялық көмек көрсетіп, қандай да бір асқыну пайда болып жатса, тез шешім қабылдап, ана мен бала өмірін аман алып қалу үшін қызмет атқарып келемін.

Мен өзім қалап келген мамандығымды жарты жолға келгенде тастап кететін ойым жоқ, себебі мен өз мамандығымды жақсы көремін. Әлі де алда мен жетпеген жетістіктер мен алға қойған мақсаттар бар. Қазір технология дамыған заманда біліміңді шыңдап, одан әрі дамытпасаң өмір күтіп тұрмайды ғой. Сол үшін алға ұмтыла, іздене отырып жұмыс жасау керек деп ойлаймын.

Айнур Сапаровна қазіргі таңда 2 ұл, 1 қыздың аяулы анасы, сүйікті жар, адал келін. Ұжымда «алтын қолды дәрігер» атанып жүрген, қаншама пациенттің өмірін алып қалып, сауығып кетуіне себепші болған ақ халатты абзал жанға,  қызметіне сәттілік, деніне саулық тілейміз.

«Дені сау анадан – дені сау бала өмірге келеді. Болашақ аналар осыны ұмытпаса екен. Сондықтан әрбір қыз-келіншек өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ана болу бақыты бұйырғанда сәбиінің де денсаулығы ана денсаулығының қандай болатынына байланысты екенін әрдайым есте ұстаған жөн» дейді. Дұрыс-ақ сөз. Шын мәнінде, ана денсаулығы балаға тікелей әсер етеді. Отбасы денсаулығы орталығының мамандары осы қағиданы берік негізге алғандай. Осылайша ұжым ананың денсаулығын нығайту, сол арқылы дені сау ұрпақты дүниеге келтіру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Білікті дәрігер әр адам салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болса, өз денсаулығын күте білсе дейді.

Шынында да, қазақ бірінші байлық – денсаулық деп тегін айтпаған ғой. Дені саудың, жаны сау. Еңбегі жемісті, қызметі өрісті болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика