Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында мәслихат депутаты, фракция мүшесі Абзал Зейнетаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген қала тұрғындарының бірі халық қалаулысына баспана мәселесін айтып келсе, келесісі көршісі үйінің жанынан бизнес нысанын заңсыз салғанына наразылығын айтып көмек сұрады.
Мәселен, Сулеймбекова Орынша 40 жыл мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған, баспанасы жоқтығын айтып, көмек сұраған болса, мүмкіндігі шектеулі жан, көп балалы ана Турсункулова Ленура баласының емі бойынша көмек көрсетуді сұрады.
Ал, Бабаева Бағлан және Назарова Дильдор тұрғын үй кезегі бойынша сұрақ қойып, әлеуметтік көмекке мұқтаждықтарын жеткізді. Депутат тарапынан азаматшаларға заң аясында баспанаға қатысты кеңес беріліп, азық-түлік көмегі көрсетілді.
Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.
Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Биылғы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.
Қабылдауға келген тұрғындардың барлығына заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп мәселелері оң шешімін тапты.