• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Бүгін қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлының төрағалығымен Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті.
Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.
Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», — деген жаңа ұғым, жаңа баптар 108-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 109-1 (ұрып-соғу), 121-1 (он алты жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы қорлау), 313-1 (суицидті насихаттау), сондай-ақ олар бойынша тергеуді анықтау және басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Айта кететін, Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Зорлық зомбылық жасауға бірнеше негізгі себептер бар. Ең қарапайымдары – ішімдікке, нашақорлыққа, құмар ойындарға тәуелділік зорлық-зомбылыққа итермелейді. Алайда, статистикаға сәйкес отбасылық жанжалдарға басқа да себептер әсер етіп жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы еліміздің азаматтрының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқықтық заңдылықтың сақталуын қадағалау, отбасы мүшелерінің заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беру, еліміздің кез келген мүшесінің дене зардабын және психикалық зардап шегуіне жол бермеу, отбасы құндылығын қолдау және сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу секілді әрекеттерге негізделеді. Ең алдымен зорлықшының құрбаны өзі жайлы ақпаратты ашық айтуы қажет. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін сол жандардың өтініштері немесе хабарламалары, құқық қорғау орындары қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету дерегін тікелей анықтауына негіз болатын дәлелдер керек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика