• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТӨЛЕБИ: «БОРЫШКЕР» іс-шарасы жүргізілуде!

Автор:admin

Авг 23, 2023
Spread the love

Төлеби ауданы аумағында ағымдағы жылдың 21-25 тамыз аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтарға салынған айыппұлдарды өндіруді жандандыру, айыппұлдарды өндіру деңгейін көтеру.
Іс-шараның басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген тұлғаларды анықтап, олардан айыппұлдарды өндіру.
«Полицияның басты міндеті — қоғамымызда құқық бұзушылықтың алдын алу. Аталған іс-шараның барысында 3592 құқық бұзушылық анықталып, тиісті айыппұлдар салынды. Алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын табады. Сондай-ақ биыл сәуірдің 10-нан бастап республика көлемінде заңсыз сақтаудағы атыс қаруын және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция жүргізіледі. Осы жылы атыс қаруымен жасалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 71 пайызға төмендеген. Биылғы жылдың өзінде заңсыз 58 қару тәркіленді. Айта кететін жайт, тіркеуде жоқ атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтарға қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік тағайындалмайды. Сондай-ақ қабылданған қаруларға қаржылай сыйақы берілетін болады. Іс-шара басталған уақыттан бері 54 өтініш түсіп, 88 қару қабылданды. Азаматтарға 6 млн көлемінде қаржылай сыйақы берілді», — деді Айбек Қалдыбекұлы.
Жеке сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс атқаратын мобильдік топ құрылып, айыппұлдар өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика