• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-4-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте не өзгерді?
Кодекске балаларды қорғау мақсатында жаңа бап қосылды. Ол 127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) деп аталады.
Бала буллингке ұшыраса, алдымен ескерту жасалады немесе 10 АЕК айыппұл салынады. Егер дәл осы әрекет бір жыл ішінде тағы қайталанса, құқықбұзушы 30 АЕК айыппұл арқалайды.
Егер буллингті 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар жасаса, онда ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар ескерту алады немесе 10 АЕК айыппұл төлейді.
Соңғы кездері жолақысын төлемеген немесе билеті жоқ балаларды ауа райына және басқа да жағдайларға қарамастан қоғамдық көліктен түсіріп тастау оқиғалары жиілеп кетті. Көбіне балалар мектепке және қосымша сабақтарға өз бетінше барады. Осыған байланысты жаңа заңмен ата-анасы және (немесе) заңды өкілі ертіп жүрмеген 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынып отыр.
Тиісінше Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабы 1-1-бөлікпен толықтырылды. Егер жүргізуші немесе кондуктор баланы автобустан түсіріп тастаса, оларға 5 АЕК айыппұл салынады.
Күйеуінен таяқ жеген әйелдер жұмысынан демалыс алуға құқылы.
Еңбек кодексінің 97-бабы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылады:
Жұмыс беруші тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдарға түскен қызметкеріне жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті.
Жалақы сақталмайтын демалыс жәбірленушінің жазбаша хабарламасы негізінде беріледі. Хабарламада демалыстың ұзақтығы көрсетіліп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі қоса берілуі керек…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика