• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-2-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Елімізде балаға қатысты жасалған қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабына өзгеріс енгізілді. Енді кәмелетке толмаған баланы өлтіргендер тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл бап бойынша қылмыскерлер 20 жылға сотталатын.
Сондай-ақ педофилдерге енді тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Қылмыстық кодекстің 120-бабынан бала зорлағаны үшін 20 жылға соттау түріндегі жазаның балама түрі алынып тасталды.
121-бап бойынша кішкентай балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағандар да өмір бойына түрмеге тоғытылады.
Қазір елімізде кәмелетке толмаған балаларға сексуалдық сипатта тиісу жағдайлары жиілеп кетті. Алайда қолданыстағы заңнамада мұндай қылмыс үшін жауапкершілік жоқ. Соның салдарынан балалардың құқығы қорғалмайды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекске жаңа 121-1-бап «Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу» қосылды. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 200 АЕК дейін түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту мақсатында «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұру» баптары Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстен алынып, Қылмыстық кодекске енгізілді.
Дәлірек айтқанда, Қылмыстық кодекс 108-1-баппен «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» толықты. Мұндай қылмысқа барғандар 200 АЕК дейін айыппұл төлейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке қамауға алынады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика