Қазақ халқы әйел адамды қашанда құрметтеп, орны ерекше деп бағалаған. Ана деп ардақтап, қарындас деп еркелеткен. Ер-азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген.
Бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналған отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру әр адамның өз қолында.
Айта кететін, биыл 15 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер:
Осы заңмен Қылмыстық кодекске жаңа 98-3 бап қосылды. Ол «Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу» деп аталады.
Яғни сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған агрессорды үш айдан бір жылға дейін психологиялық көмектен өтуге мәжбүрлей алады.
Сонымен қатар жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша не телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуы мүмкін. Атыс және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға, бұдан бөлек ішімдік ішуге, есірткі шегуге және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салады.
Сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жәбірленушімен бірге жер үйде, пәтерде немесе өзге де баспанада тұруға тыйым салуға құқылы. Мұндай құқықтық ықпал ету шарасы отыз тәулікке дейін қолданылады.
Елімізде балаға қатысты жасалған қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабына өзгеріс енгізілді. Енді кәмелетке толмаған баланы өлтіргендер тек өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл бап бойынша қылмыскерлер 20 жылға сотталатын…