• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 18, 2023
Spread the love
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссияда мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 5 мәселені талқылады.
Олар:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау беру бойынша ұсынысты енгізу туралы;
2. «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/294-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/293-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5. «Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/297-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Өз кезегінде депутаттар мәселелер бойынша бірқатар сауалдар қойып, шешім жобасын кезектен тыс үшінші сессияға ұсынылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика