Ағымдағы жылдың басынан бері аудан әкімі Асқар Естібаевтың халықпен кездесулері мен жеке қабылдауларында тұрғындардан түскен өтініш-ұсыныстар негізінде хаттамаға 391 тапсырма енгізілген.
Соның, бүгінгі таңда 138-орындалған, 92-тұрақты, 87-мерзімі бар, ал 74 тапсырма қаржы қажеттілігіне байланысты және т.б. белгілі себептермен орындалмағандардың қатарына еніп отыр.
Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, жауапты орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауыл әкімдерімен жиын өткізіп, орындалмаған тапсырмаларды егжей-текжейлі талдап, заңды шешу жолдарын пысықтады.
Жауапты орынбасарлары мен аппарат басшысы өздерінің жетекшілік ететін салаларына қатысты орындалмаған тапсырмалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Әр орындалмаған тапсырманың артында тұрғындардың өтініштері тұрғандығын ескере келе, аудан басшысы әр жауаптыны жеке-жеке тұрғызып, тиісті тапсырманың орындалуын талап етіп, қосымша мерзім белгіледі. Орындаушылық тәртіптеріне қатысты сын айтып, әр тапсырманың орындалуы қатаң бақылауда болатындығын ескертіп, мерзімінде орындамағандарға шара қолданылатындығын жеткізді.
Қоса кететін, Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
Айта кетерлігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату.
2019 жылы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
«Жасыратыны жоқ, мемлекеттік аппарат қызметіндегі мәселелер көп жағдайда биліктегілер мен азаматтар арасында кері байланыстың жоқтығына қатысты болып келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан, бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі барынша ескерілуі тиіс.
Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі», деп жазды Мемлекет басшысы өз мақаласында.
Қандай да бір қоғам өркендеп дамуы үшін араларында диалогтың болу маңызды. Бір-бірінің пікірімен, көзқарасымен санаспаған, тыңдамаған, естімеген елдің ертеңі бұлыңғыр. Оны тарих талай дәлелдеді. Халық билікке, билік халыққа арқа сүйегенде ғана болашақтың таңы арайлап атады.
