Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес дала өртінің алдын алу, болдырмау бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.
Құрамында ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бар жұмысшы топ өкілдері бүгін Ақдала, П.Арапов, Дермене, Саналы, Қаражантақ ауылдарына қарасты мал азығына арналған шөп жинаушыларға, егістік аумағында дала өртін болдырмаудың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша жадынамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оның ішінде ұшқынсөндіргіш (искрогаситель) құрылғылармен жабдықталмаған, отын және гидравликалық жүйелерінде ЖЖМ ағып жатқан, өрттерді сөндіру құрылғыларымен жабдықталмаған автотракторлық техниканы жұмысқа жібермеу
Ұшқынсөндіргіш (искрогаситель на трактор) аппараты жоқ, отын және гидравликалық жүйелерінде ЖЖМ ағып жатқан, өрттерді сөндіру құрылғыларымен жабдықталмаған шаруаларға ескерту беріліп, алдағы уақытта орнатылмаған жағдайда айыппұл салынатындығы баса айтылды.
Құрметті шаруалар!
Жазғы маусымда далалық алқапта өрт болдырмау мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өрт тілсіз жау екенін естен шығармайық.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі