• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАННЫҢ ӘУЕЖАЙЫНДА «VISIT SHYMKENT» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ДҮҢГІРШЕК АШЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 3, 2024
Spread the love

Тікелей ұшақпен киелі Түркістанға келетін туристерге Шымкент қаласының туристік объектілерін жарнамалау мақсатында Түркістан қаласының әуежайында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық дүңгіршек ашылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталған дүңгіршек азанғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс жасап, қаламыздың мәдени, гастрономиялы, эко, экстремалды және т.б. бағыттарының турмаршруттарын туристерге ұсынады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының киелі орны Сайрам тұрғын алабындағы Қожа Ахмет Ясауидің ата анасы Ибрагим ата мен Қарашаш анаға және басқа да әулиелерге зиярат жасауға шақырып, Шырайлы Шымқаламызға жетудің ыңғайлы жолдарын айтып, көмектеседі.
Ендігі кезекте дәл осындай дүңгіршекті Самарқанд қаласында ашу жоспарымызда бар.
Еске сала кетсек, қаланың имиджін арттыру арқылы туристердің санын көбейтудің бірден-бір жолы – туристік нысандарды жарнамалау. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен өткен 3 күндік іс-шараға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Латвия, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің бірқатар өңірінен келген 30 travel-блогер қатысты.
Ақпараттық турға 50-ге жуық шетелдік және отандық travel-блогерлер, БАҚ өкілдері қатысып, қонақтар қаланың тарихи және тартымды орындарын тамашалады. Алдымен Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Үндістан, Германиядан келген қонақтар А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында басқосып, оларға үшінші мегаполистің туристік әлеуеті туралы ақпарат беріліп, имидждік бейнеролик көрсетілді.
Олар Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерін, Қошқар ата өзенін, Сейітжан Қари мешітін, Дендропарк пен Зоосаябақты және Цитадельді аралап, өз парақшаларында қаланың туристік нысандары туралы материалдар жариялады. Әрбір блогердің 30 мың 400 000 мың аралығында оқырманы бар. Оларға гастрономиялық дәстүрлі қазақ тағамдары, мұражайлар, креативті арт-кешендер мен саябақтар, өндірістік зауыттар таныстырылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика