• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістандық полицейлер Абай шығармашылығын әуелетіп, ұлттық киімді дәріптеді

Автор:admin

Авг 10, 2024
Spread the love

10 тамыз қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне «Абай күні» болып бекітілген. Демек бұл күні ақиық ақынның шығармашылығы, қалдырған құнды жазбалары орындалады. Мұндай мүмкіндікті Түркістан облысының полицейлері де жіберіп алмады. Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын Еркін, Алма, Жанна есімді полиция қызметкерлері көпшілікке өз өнерлерін ұсынды. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, өлеңін, қара сөзін жүрекпен орындады.
Яғни түскі үзіліс уақыттарын пайдалы дүниемен өткізіп, кітапхана, мұражай, «Керуен сарай» кешенінде Абай оқуларын насихаттады. Ұлттық киімді дәріптеді.
Формадағы сақшылар ұлы кемеңгердің ескерткішіне барып, құрмет көрсетті.
Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салған ақын Абай күні мерекесі баршамызға құтты болсын! Абай мұрасы мәңгілік жасасын, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика