• Сб. Июн 7th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 4, 2025
Spread the love

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттай алатын бірегей кәсіби би ұжымы саналады.
Осы орайда бүгін «Конгресс Холл» кешенінде шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы, халықтық-сахналық классикалық бидің оқытушысы Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, балетмейстер Талғат Ахметов дәріс берді.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткен шарада «Халық сахналық биі»,«Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыбында практика, «Би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларының құрылымы» теориядан арнайы дәріс берілді. Нәтижесінде шеберлік сағатында әр қатысушыға тегін сертификат табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша негізгі мақсат – мемлекеттік мекемелердегі және жеке мектептердегі хореографтарды, би өнерінің мамандарын және жас өнерпаздарды жинап, оларға шеберлік сағатын өткізу, тәжірибе алмасу, хореографтарды әзірлейтін оқу орындарындағы мамандармен байланыс орнату, би қойылымдардың қыр-сырын түсіндіру, сол арқылы аймақтар мен үлкен өнер ұжымдарының арасындағы байланысты нығайту.
Айта кетейік, бүгін Түркістанға «ЗАҢ және ТӘРТІП» қаржылық қауіпсіздік форумы аясында ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі келген болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімінің қолдауымен өткізіліп отырған шара бірқатар маңызды іс-шаралармен толығып жатыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика