• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love

Бүгін Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі.
– Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады. Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді. Соның бірі, міне, бүгінгі Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының ашылу рәсімінде жиналып тұрмыз. Бұл ғимарат Түркістан жастарына шабыт беріп, елге қызмет ететін жастарды біріктіретін орталық болады деп сенемін. Жастардың ғимараты құтты болып, бастамашыл орталыққа айнала берсін! – деді облыс басшысы.
Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде 7-11 сыныптарда 18 844 оқушы білім алуда.
Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты ең маңызды мәселе – бұл олардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білу мәселесі болып отыр. Жастардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білуі бүгінгі күндері барынша өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір тұтынушылығына тәрбиелеу – тұлғаны қалыптастырудың басты қағидалық принциптерінің бірі. Бос уақыттың қаншалықты қызықты өтуі өнер үйренуге, шығармашылық мазмұндағы ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса, ол денені жетілдіруге ғана емес сонымен бірге рухани баюға да мұрындық болады. Жастардың бос уақытының сипаты оның оқу мен өндірістік қызметіндегі мүдделеріне байланысты болу керек. Егер жас адам енжар, ешқандай ақыл – ой және дене іс – қимылын жұмсаусыз демалыс күннің негізгі уақытын теледидар алдында өткізіп, уақытты босқа өткізуге салынса, оның еңбектегі белсенділігі де азаяды. Жас адамның бос уақытын дұрыс пайдалана білуі өндірістік қызмет және оқу істерімен байланысты жүргізілсе, тұлғаны сипаттайтын моральдық, рухани және физикалық сапаның да сапалылығы арта түседі. Жастарға оқу, махаббат, бос уақыт,т.б. мейлінше қызықты. Сондықтан жастардың уақыт тынысын нәзік сезінуге қабілеттілігіне таң қалуға болмайды.
Сондықтан біз жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, оларды қоғамдық істерге белсенді түрде жұмылдырудың уақыты өтіп кетті, оның орнына жастарды пессимистік пиғылдарға, бос уақытын босқа өткізуге итермелейтін дем алудың пассивтік формалары келді деген пікірмен келісе алмаймыз. Жастар арасында бос уақытты қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыратын комсомолдық белсенді іс – шаралар тізбегі әлі де болса ұмытыла қойған жоқ.
Рас, қазіргі уақытта көптеген жас адамдар бос уақыттарының жетіспейтіндігін тілге тиек етеді. Бұл жағдай адамның көп уақытының жұмыс істеумен, оқумен айналысуымен түсіндіріледі. Уақыттың көп бөлігі жұмысқа барып келу үшін немес үй тұрмысына қажетті тауарлар іздеуге жұмсалады. Себебі урбанизацияның жедел қарқынмен өсуіне қызмет көрсету саласы үлгіре алмай келеді. Бос уақытын тиімді пайдалану көлік, тұрмыстық қызмет көрсету үйлерінің жетілдіруімен, үй шаруашылығын жеңілдетіп пайдалану үшін үй тұрмысына қажетті техникаларды пайдаланумен тығыз байланысты.
Социолгтар бұл мәселелерді талдай келіп, адамның өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыруға болады деп есептейді. Ол үшін бір жағынан, олар бос уақытты ұлғайтудың және оны рухани мазмұнымен толықтырудың әлеуметтік аспектілерін қарастырады, екінші жағынан – бұл процестердің себептері мен тенденцияларын анықтайды.
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру үй еңбегі саласында жұмсалатын уақытты қысқартуға байланысты. Бұл проблема жастар үшін айрықша маңыз алады, себебі олар бос уақыттарын өздерінің кәсіби, жалпы білімдік және мәдени деңгейін көтеру үшін пайдалануға мүмкіндік алар еді. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыруды жеңілдетудің бірі жалпы отбасылық бос уақытты дұрыс ұйымдастыру.
Бос уақыт проблемасының бір ерекшелігі, бос уақыт сағаттары іс жүзінде адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталып жүзеге асырылуымен маңызды. Бос уақытта қызметтің әлде бір түрін атқаруға құлшылық шын мәніндегі құндылықтардың жоғары болуына, әлеуметтік – саяси өмірдің белсенділігіне байланысты. Мұндай құндылықтар мен қарым – қатынастар жігіттер мен қыздардың белсенділігін қалыптастырады. Егер жас адамдар әлеуметтік – танымдық нормалардан тыс ұжым, достар, қоғам проблемаларына теріс қатынас шеңберінде тәрбиеленсе онда олардың бос уақыт сағаттарының белсенділігі қоғамға қарсы әрекеттермен танылып, индивидуализмнің дамуын ынталандырады. Мұндай адамдардың саяси мәдениеті олардың іс — әрекеттерінің бағыттылығынаң айқын бейнесін танытпайды. Бос уақыттың мәдениетін жетілдіру процесі халықтың өмір салтын жақсартудың құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік саяси талдауды талап етеді, мұндай зерттеу, ол еңбекшілердің уақыт бюджетіне ықпал жасайтын оң, сондай – ақ теріс тәртіптегі әлдебір құбылыстардың себептері мен қозғаушы күштерін ашуға мүмкіндік береді. Бос уақытты дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жолға қою жастардың бойындағы рухани күштерді ашуға мүмкіндік береді. Бос уақыт қоғамның ұлы байлығы. Жас ұрпақ үшін оның пайдалы етіп пайдалану мүмкіндігі қоғамның өз болашағы туралы терең қамқорлығына куә болады.
Жастар арасында бос уақытты дұрыс пайдалануды ұйымдастыру күрделі порцес.
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық – зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп – жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, патриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат – патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылмайды.
Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс — әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынасы, өз қабілет бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгереді. Жастардың көбінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметпен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.
Жастар арасындағы бұндай жағдайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік – саясаттық, құқықтық, экономикалық, экологиялық, моральдық – этикалық білімдерін, тәжірибелік іс — әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс — әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой – сана мен адамгершілік қасиеттер қаралыптасады. Тәжірибелік іс — әрекетте өсіп жатқан адам оның әлеуметтік ортадағы орын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық – құқықтық қатынастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қана қоймай, адамның мемлекет және қоғаммен қатынастарының басқа аспектілерін де жаңдандыра түседі. Бұл біздің Республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажетті ерекше көкейтесті мәселе.
Тәрбиенің басқа бағыттарына қарағанда азаматтық тәрбие өзінің көпқырлылығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмірі мен іс — әрекетінің бір ғана бөлігінде белгілі азаматтық қаситетерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілегендей азаматтық бейне, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс — әрекетімен, барлық тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс — әрекетімен шектелінеді.
Сонымен, әлеуметтік – педагогикалық түсінік ретінде азаматтық тәрбие мәселелері мазмұнын зерттеуді сана категориясын қарастырумен байланыстырған жөн. Жеке бастың бір көрнісі ретінде даралық сана, оның психикалық аспекті тек қана ара қатынаста қалыптаса алады. Яғни, өзіндік сана үшін тұлғаның ұстамы саналы түрде белгіленген болуы керек. Сана арқылы дара тұлға объективті ақиқатты қоршаған әлемді, ондағы өз орнын түсініп біледі. Тұлғаның өзіндік санасы үшін адамның мінез құлқының маңызы ерекше. Яғни, өзіндік сана «даралық мәнге» ие болды да, ол арқылы қоғамдық және даралық сананың ара – қатынасы анықталады, іс — әрекет себебі адам, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны, әлеуметтік, азаматтық ұстамы бағаланады. Тұлғаның жетілгендігі оның байланыстарды аңғару дәрежесіне, азаматтық ұстама, белсенділігіне, қоғамда белгілі орын алуға тырысуына тәуелді.
Бұл жерде тоқтала кететін жай бар: кездесетін қоғамдық сана даралық санаға белгілі әсер береді. Ол рухани, эмоциялық, әлемге деген қатынастар жүйелері түрінде болады да, көңіл – күйлер, идеялар, елестер, көзқарастар, мұраттар, қоғам мүшелерінің ұмтылыстары арқылы көрініп топтық немесе жалпы қоғамдастықтарда танылады. Осыған сүйенсек, қоғамдық сана саяси, экономикалық, діни, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, ғылыми және басқа әрекет түрлерінің лайықты өрісінде негізделінеді. Бірақ қоғамдық, жалпылама сана иланғыштыққа, консерватизімге бейім, сондықтан оны азаматтық деуге болмайды. Көпшіліктен азаматтық сананы бөлу үшін қоғам қатынастарында белгілі идеалға жету жолдары мен құралдарын іздеуші потенциалды күштер азаматтық сана иелері болады. Олар жеке топтардың, дара тұлғаның қызығушылықтарынан биік тұрады, барлық қоғамның қызығушылығынан қорғайды және әрқашан жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталынған болды. Азаматтық тәрбиенің мақсаты азаматтық қалыптастыру болғандықтан бұл түсінікті қарастыра отырып «Азамат» деп саяси құқықты, өзіндік, қызығушылықтарын қоғам қызығушылықтарымен байланыстыра алатын мемлекет басқаратын адамдар тобының қызығушылықтарын іске асыратын құрал ретінде мемлекетке оған толық ие адам қажет. Сондықтан, адам өмірінің көбінесе өз тарапынан белгілейтін «мемлекет» түсінігі тұлғаның дамуы мен қызметін өзі шешеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика