• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5 АЙДА ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛТІРГЕН 6 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ (-2-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Экологиялық кодексінің 7 негізгі қағидасын айта кетсек:
Бірінші қағида — ластаушы төлейді және түзетеді:
Ол ластанудың алдын алу және бақылау жөніндегі шаралардьі сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру үшін жауапкершілікті білдіреді. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялык, айыппұл төлеуден гөрі, қоршаған ортаға терісәсерді болдырмау жөнінде шаралар қолдану тиімдірек болатын жағдайлар жасауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, «алдын алу» тетігі. Сонымен қатар, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бастапқы деңгейге дейін қалпына келтіруге міндетті.
Екінші қағида — қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері:
Қолданыстағы Экологиялық кодекс бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау — ҚОӘБ рәсімінен өту туралы талап іс жүзінде барлығына, яғни 19 мың кәсіпорынға қолданылады. Мұндай тәсіл тиімсіз әрі орынсыз. Сондықтан жаңа Экологиялык кодексе шығарындылардың 80%-ы тиесілі «бірінші санаттағы» 2,6 мың кәсіпорынға қатысты ғана осындай талапты қолдануұсынылады. Бұл ретте жұртшылық ҚОӘБ барлық сатыларына қатысады.
Үшінші қағида — ең озық қолжетімді технологияларды (ЕОҚТ) енгізу және ынталандырудың экономикалық шаралары:
Экологиялық ахуалды барынша жақсарту үшін еңозық қолжетімді технологияларды енгізу қажет. Ол үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық аудиттен өтеді. Оларға шығарындылар көлемін азайтуға мүмкіндік беретін технологияларұсынылады. ЕОҚТ енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер олар ЕОҚТ-ға ауыспаса, эмиссия үшін төлем мөлшерлемесі өседі…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика