• Пт. Авг 8th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ЕРМЕК МАРЖЫҚБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Автор:admin

Май 22, 2025
Spread the love

Бүгін Түркістан қаласына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев жұмыс сапарымен келіп, шаһардағы бірқатар маңызды нысандарды аралады. Іс-сапар аясында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, қаланың инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі, сондай-ақ инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу деңгейі басты назарда болды.
«ЖЫЛУ» МКК-НЫҢ ЖҰМЫСЫ МЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ:
Сапар барысында Ермек Маржықбаев «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен танысты. Аталған мекеме 2009 жылдан бері Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді.
Қазіргі таңда кәсіпорын:
— 18 қазандық бөлімшеде;
— 77 дана жылу қазаны.
Жалпы ұзындығы 56,243 шақырымды құрайтын магистралдық және ішкі жылу жүйесімен жұмыс істейді.
Орталық жылумен:
— 223 көпқабатты тұрғын үй;
— 18 бюджеттік мекеме;
— 55 кәсіпкерлік нысан;
— 36 жеке тұрғын үй қамтылған.
Жылу жүйесі табиғи газ негізінде жұмыс істейді. Көгілдір отын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен бекітілген келісімшарт аясында жеткізіледі. Қысқы маусымда кәсіпорын 116 штаттық қызметкер, ал жаз мезгілінде 32 қызметкермен қызмет көрсетеді. Маусымаралық уақытта қысымдау, шаю және жүйелік тексеру жұмыстары толық көлемде атқарылған.
«Түркістан қаласының жылу инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық деңгейі оң бағаланды. Бұл – тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі», – деді Ермек Боранбайұлы.
«TURAN» АЭА: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ ЖОҒАРЫ:
Іс-сапар барысында кеңесші қаланың инвестициялық әлеуетіне де ерекше назар аударды. Ол «TURAN» арнайы экономикалық аймағына (АЭА) барып, онда жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық құрылыс, инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер, жүзеге асырылып жатқан жобалар және индустриялық даму бағыттары жөнінде ақпарат алды.
Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта:
— Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым толықтай жүргізілуде;
— Шетелдік және отандық инвесторларға салықтық, кедендік жеңілдіктер ұсынылуда;
— Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және логистика саласындағы жобалар қолға алынған.
«TURAN» АЭА – Түркістан облысы мен жалпы еліміздің экономикасына серпін беретін стратегиялық алаң. Мұндағы жобалардың жүзеге асырылуы өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді», – деді кеңесші.
ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – ҮКІМЕТ БАҚЫЛАУЫНДА:
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Маржықбаев Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инженерлік жүйелердің тиімділігіне, жылу жүйесінің жұмыс істеу сапасына оң баға берді. Сондай-ақ, Үкімет тарапынан өңірді дамыту үшін жан-жақты қолдау жалғасатынын жеткізді.
«Түркістан – еліміз үшін ерекше маңызға ие қала. Оның өркендеуі мен дамуы – барша халық үшін маңызды. Бүгінгі сапар барысында қаланың инфрақұрылымы жүйелі дамып жатқанына көз жеткіздік. Үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп, жобалардың орындалу сапасы жіті бақылауда болады», – деді ол.
ТҰРАҚТЫ ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ:
Еліміздің оңтүстік өңірінде қыс маусымы жеңілдеу болғанымен, орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің тұрақты және сенімді болуы – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды. Сондықтан Үкімет пен жергілікті әкімдік жылыту маусымына дайындықты алдын ала жоспарлап, техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды уақтылы жүзеге асыруда.
Осы орайда, «Жылу» МКК-ның жаңғыртылуы, қазандықтардың энергия тиімділігі, автоматтандыру жүйелері, қысым тұрақтылығы және қауіпсіздік шаралары – барлығы кешенді түрде қарастырылып, алдағы маусымда жылусыз үй қалмауы үшін толықтай бақылауда болады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықбаевтың Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында жылыту жүйесінің дайындығы, қалалық инфрақұрылымның жай-күйі және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жан-жақты пысықталды.
Сапар нәтижесі бойынша қаланың даму қарқынына жоғары баға берілді. Жергілікті билік пен орталық үкімет арасындағы өзара үйлесімді іс-қимыл – Түркістанның алдағы жылдары да өркендей беретінін көрсетті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика