Қазығұрт ауданындағы орталық футбол алаңында 600 адамның қатысуымен «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» атты акциясы өткізілді. Акцияға аудан әкімі Азизхан Исмаилов пен аудан халқы, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен жастар қатысты. Атаулы акция барысында барша қатысушылар таңғы 7:00-де жиналып, бір мезетте таңғы жаттығу жасап, флешмоб биледі.
«XXI ғасырдың басты дертіне айналған нашақорлық баршамызды алаңдатуда. Бүгінгі жиынымыздың да басты мақсаты – қоғамға салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Баршаңызды бабалар салған ізгі жолмен жүріп, ұлтымыздың даналығын пайдалана отырып, денсаулықтың қадірін білуге шақырамын. Ғасыр дертіне айналған нашақорлықпен күрес бағытындағы мұндай іс-шаралар ауданымызда алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады»,- деді аудан әкімі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі