• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА ҚЫМЫРАН САТЫП, ТҮЙЕ ТҮЛІГІН 500-ГЕ ЖЕТКІЗІП ОТЫР

Автор:admin

Июл 20, 2023
Spread the love
Созақ ауылының тумасы Нұрбол Бейсүгіров ауылдан 20 шақырым қашықтықта түйе шаруашылығымен айналысады. 1970 жылдары негізі қаланған шаруашылықты дамыту мақсатында 2004 жылы «Нұрбол» шаруа қожалығын құрған.
Бұл — үш ұрпақтан жалғасып келе жатқан ата кәсіп. Созақтық шаруа бүгінде түйе басын көбейтіп, аудан халқын сапалы қымыранмен қамтып отырғандардың бірі. Бүгінде шаруашылықтың негізгі бағыты — айыр өркешті «Вactriаnus» түйесінің санын арттыру. Шаруа қожалық 156,69 гектар аумақты қамтып отыр. Оның ішінде 150 га — жайылымдық, 3,19 га — шабындық, 3,5 га — суармалы жер. 8 адам жұмыспен қамтылып, қолайлы жағдай қарастырылған. Баспана және шаруаға қажетті техникалармен жабдықталған. Қазіргі таңда 30-дан астам түйені екі мезгілден сауып, тұрғындарды сапалы қымыранмен қамтып отыр.
– Шаруашылықтың ішіндегі тиімді бағыттарының бірі — түйе түлігін асырау. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағуды, күтімді, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді. Сонымен қатар, түйе еті мен сүті күнделікті сұранысқа ие өнімдер. Бұл кәсіппен ең алғаш атамыз айналысты. Содан бері бұл ата кәсіпті жалғастырып келеміз, — дейді шаруа қожалығының төрағасы Нұрбол Бейсүгіров.
Қожалық иесі 2009 жылы айыр өркешті «Вactriаnus» түйе кәсібін дамыту бойынша мемлекет тарапынан субсидия алған. Бүгінгі таңда мұнда 500-ге тарта түйе, 100-ден астам жылқы бар. Алдағы уақытта республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсібін жандандыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде қымыран өндірумен ғана шектелмей, ет өнімдерімен де айналысады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика