Созақ ауданындағы Бабата елді мекеніндегі аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен баспана берілді. Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа үйдің кілтін табыстап, үй иесін құттықтады. Бес бөлмелі баспанада су және жылу жүйелері толықтай орнатылған. Сондай-ақ, шаруашылықты дамытуға арналған 20 соттықтан астам жер телімі бар.
«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі