Сауран ауданында халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Аудандағы Үшқайық және Ескі Қайық ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар Қарашық, Жүйнек, Оранғай ауылдарына табиғи газды жеткізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталмақ. Ал, қалған 6 ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Атап айтқанда, Бабайқорған, Майдамтал, Жібек жолы, Оранғай, Иассы, Ескі Иқан ауылдарында алдағы жылдары газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.