«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында екі спорт кешенінің құрылысы басталды.
Атап айтсақ, спорт кешендері Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде және Жылға ауылдық округі, Жылға елді мекенінде бой көтереді.
Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған спорт кешендерінің құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, аталған спорт кешендерінде бокс, күрес спорт түрлеріне арналған арнайы зал ашу көзделіп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі