• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының тұрғынынан 600-ден астам сора түптері тәркіленді

Автор:admin

Авг 7, 2023
Spread the love

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде, Сауран ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік егу дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері деструктивті-діни ағым жақтаушысы ретінде есепте тұрған жергілікті тұрғынды анықтады.
Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның ауласынан сора тәрізді 609 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер жалпы салмағы шамамен 16 келі болатын «сора» өсімдігі болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚКнің 300-бабының 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика