• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының Полиция департаментінде саптық байқау өтті

Автор:admin

Май 28, 2023
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратының алаңында жеке құрамның жалпы гарнизондық саптық байқауы өтті. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Байқауға департамент басшылығы мен сыртқы құрылым сақшылары қатысты.
Іс-шараның ашылуында ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізілді. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты, сапалы атқаруды тапсырды.
Шара кезінде облыстың бас полицейі тәртіп сақшыларының нысанды киімдерін, қызметтік куәлік, бейнежетон мен планшеттердің жарамдылығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.
Саптық байқау соңында қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен жеке құрамның салтанатты шеруі мен патрульдік полицияның автоэкипаждарының жүріп өтуі ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұдан былай гарнизондық таратулар ай сайын жүргізілетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика