— Далада абайсызда өрт шығаратын заттарды (зажигалка) т.б. тастауға болмайды;
— Шөлмек сынықтарын, үлкейткіш (лупаларды) ашық күн сәулесі түсетін жерлерде қалдыруға болмайды;
— Тез жанғыш тұтанғыш материалдар осы жоғарыда тізбеде көрсетілген ережелерді сақтаған жағдайларда тілсіз жау өрттің алдын алуға болады.
Сондай-ақ, далада от жағудан бас тартуға шақырады. Себебі, толық өшпеген шоқ алапат өртке әкелуі мүмкін. Төтеншеліктер адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет дейді. Мәселен:
— тұрғын үй мен бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптер мен қоқыстардан алдын ала тазалаңыз;
— тұрғын үй ғимараттарының аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс үйінділеріне жол бермеңіз;
— тұрғын үйлерде, саяжайларда және орман алқаптарында қоқыстарды өртемеңіз;
— өрт қауіпті кезеңде орманға шығуды шектеңіз, от жағуға немесе ашық от жағуға болмайды, темекі тұқылын тастамаңыз;
— құрғақ шөптер мен былтырғы жапырақтарды арнайы белгіленген жерлерде және мұқият бақылауда жағыңыз;
— сөндірілмеген отты қалдырмаңыз. Оны мұқият сумен толтыру немесе құммен жабу керек.
Егер өрт орын алса, онда бастапқы кезеңде оны сумен немесе дымқыл дастарқанмен, көрпемен, кез келген басқа тығыз синтетикалық емес материалмен жабу арқылы жоюға болады. Мүмкін болса, тиісті сыныптағы өрт сөндіргішті қолданыңыз. Бірақ жалын тараған кезде сіз «101» нөміріне тез қоңырау шалып, қауіпті аймақтан ең қысқа және қауіпсіз жолмен кетуіңіз керек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі