Сондай-ақ өрттің алдын алу үшін минералды жолақ жырту жұмыстары әлі күнге дейін кейбір аудандарда толық жүргізілмеген.
«ҚазАвтоЖолдың» Түркістан филиалы арқылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 361 шақырымына жолақ жырту жоспарланған. Бүгінде тек 128 шақырымына ғана жүргізген. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында тиісті жұмысты жандандыру керек. Бәйдібек, Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш аудандарында минералды жолақ жырту жұмыстары өте нашар.
Өңірдегі орман қоры аумақтарында 9647 шақырым жолақ салу жоспарланып, толық орындалған. Орман қоры аумағына рейд жалғасып, бүгінгі күнге 151 тұлға әкімшілік шараға тартылған.
Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Санжар Бүрлібаевтің айтуынша, дала алқабының жану оқиғалары автокөлік жолдарында жиі тіркелуде. Сонымен бірге егістік алқабында жұмыс істеп жатқан техникалардан шыққан және елді мекендер аумағындағы құрғақ шөптің өрттері де есепке алынған. Тұрғын үйлер мен қоралардан да өрт шыққан. Басым бөлігі – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан. Осыған орай, минералды жолақтар жүргізу, қадағалау жұмыстарын одан әрі күшейту қажет.
Облыстық мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 134 ерікті өрт сөндіру құрылымы бар, адам саны – 7564. Өрт сөндіруге бейімделген техника иелерімен өрт сөндіруге келісімшарттар түзілген.
Түркістан облысы аумағында жалпы 800-ден аса елді мекен орналасқан…