• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШІН 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ (-1-)

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love

Жыл басынан бері Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластап, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдырғандарға айыппұл салынады. Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 400-ден астам полицияның кешенді күштері жұмылдырылады.
Бейнекамераларының көмегімен жыл басынан бері 100 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, бейнекамера арқылы кәмелетке толмағандар жасаған вандализм фактілері анықталады. Атап айтқанда, аз уақыт ішінде автобус аялдамасының әйнегін, көшедегі тренажер мен ойын автоматын сындырғандарға қатысты заңды шешім қабылданды.
Биыл тағы 450 бейнекамера орнату жоспарлануда. Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың баяндауынша, Түркістан облысы бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде 42 мың 427 әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға жоғары. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша 10 мың 614 жағдай анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,2 пайызға артып отыр…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика