• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.
– Әр аудан мен қалаға жүйелі түрде сараптама жасап, нашақорлық пен есірткі саудасы жиі тіркелген аймақтардың мәселесін талқылау керек. Жас ұрпақты жарқын болашағыныан айырып жатқан бұл жаман әдеттің алдын алуда жаңа тәсілдерді енгізген жөн. Тиісті ұсыныстар беріңіздер. Профилактикалық, алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу, күшейту аса маңызды. Құқық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау саласына жауапты басқармалар, Жастар ресурстық орталықтары бірлесе жұмыс атқарса ғана іс нәтижелі болады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
“2024 жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 212 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12 дерек, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының 64 дерегі тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталды”, — деп атап өтті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м. а. полиция полковнигі Аман Бурханов.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және барлық аудандық полиция бөліністеріндегі ювеналдық полиция тобының инспекторларымен бірге күнделікті облыс жастары, мектеп оқушылары және студенттер арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мен нашақорлықты болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді. Биыл 3 айда 33580 мектеп оқушысы мен студенттер және жастар арасында 143 профилактикалық іс-шарасы мен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика